RU | KZ

КЕЛІСІМШАРТ

UNIPARK мобильді қосымшасын пайдалану туралы

(көлік құралдарының иелеріне арналған жария оферта)


Осы келісімшарт бұдан былай «Автор» деп аталатын UniPark мобильді қосымшасының құқық иегері "UniPark" ЖШС және бұдан былай «Пайдаланушы» деп аталатын мобильді қосымшаны пайдаланушы арасында жасалды және аталған мобильді қосымшаны пайдалану шарттарын анықтайды.

  • 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    • 1.1. Автор жария оферта (ұсыныс) келісімшарты болып табылатын осы келісімшартты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан былай - Азаматтық кодекс) 395 және 447 баптарына сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалар үшін жариялайды.
    • 1.2. Осы жария оферта UniPark мобильді қосымшасын пайдаланудың барлық елеулі шарттарын анықтайды.
    • 1.3. Офертаны www.unipark.kz интернет-ресурсында орналасқан UniPark мобильді қосымшасын тегін негізде сатып алуға ниеттенген кез келген жеке және/немесе заңды тұлға ақцептілей (қабылдай) алады.
    • 1.4. UniPark мобильді қосымшасына Play Market және App Store қызметтері арқылы қол жеткізуге болады.
    • 1.5. Пайдаланушы Офертада қамтылған барлық шарттарды сөзсіз қабылдайды (яғни толығымен және ерекше шарттарсыз).
    • 1.6. Егер осы Оферта шарттары қабылданса, Офертаны қабылдайтын жеке және/немесе заңды тұлға Пайдаланушы болады.
    • 1.7. Акцепт UniPark мобильді қосымшасының гаджетке (ұялы телефон, планшет және т.б.) жүктеліп, орнатылуынан кейін осы Келісімшарт талаптарымен келіскендікті (сәйкес жиекке келісім туралы белгінің қойылуын) білдіреді.
    • 1.8. Оферта, оның барлық қосымшалары, сондай-ақ барлық қосымша ақпарат www.unipark.kz сайтында жарияланады.
  • 2. ОФЕРТА МӘНІ
    • 2.1. Пайдаланушы акцепт жүргізгеннен кейін Авторға өз клиенттеріне көрсетуге ниетті қызметтердің түрін таңдау арқылы тіркеу формаларына сәйкес өзіндегі автокөлік және мамандандырылған жабдық туралы ақпаратты береді. Пайдаланушының Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңында көзделген бөлігінде ұсынылған ақпарат жабық болып табылады және осы заңда көзделген жағдайларда үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін.
    • 2.2. Автор Пайдаланушының тіркелу формаларына деректерді қате енгізген жағдайында (модерацияны жүзеге асыру үшін) Авторға берілген ақпаратқа түзетулерді енгізуге құқылы.
    • 2.3. UniPark мобильді қосымшасы Пайдаланушыға өтінімдердің болуына негізделген автоматты режимде ықтимал клиенттер туралы ақпаратты береді.
    • 2.4. Пайдаланушы UniPark мобильді қосымшасымен ұсынылған көлемнен өзін қызықтыратын тапсырысты өз бетінше анықтайды.
    • 2.5. Пайдаланушы талаптарына сәйкес келетін тапсырыс таңдалғаннан кейін, ол клиентке қоңырау шалу опциясы арқылы хабарласып, әрекеттестік шарттарын дербес түрде анықтайды.
    • 2.6. Автор UniPark мобильді қосымшасын пайдаланған үшінші тұлғалардың әрекеттеріне жауапты болмайды. Автордың міндеттері Пайдаланушының клиенттерді іздеу платформасын қамтамасыз етумен шектеледі.
  • 3. БАҒАСЫ және есептеу тәртібі
    • 3.1. UniPark мобильді қосымшасы Пайдаланушыға тегін ұсынылады.
    • 3.2. Автор келісімшарттың 3.1-тармағында көзделген талабын UniPark мобильді қосымшасын пайдалану үшін бағаны орнату арқылы өзгертуге құқылы. Бұл жағдайда Автор СМС-хабарлама арқылы Пайдаланушыға кемінде бір күнтізбелік ай бұрын хабарлайды.
    • 3.3. Ақылы контент енгізілген жағдайда құны мен есеп айырысу тәртібі туралы ақпарат сондай-ақ СМС-хабарлама арқылы беріледі.
    • 3.4. Пайдаланушы ақылы контенттен бас тартуға құқылы.
    • 3.5. Акцепт жүргізгеннен кейін Пайдаланушы UniPark мобильді қосымшасында және/немесе www.unipark.kz сайтында жарнамалық баннерлер және басқа да жарнама түрлері бар контентті ұсыну шартымен келіседі.
  • 4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
    • 4.1. Тараптар мобильді қосымшаны Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда пайдалануға құқылы емес.
    • 4.2. Пайдаланушы апат болған жағдайда Пайдаланушыға/үшінші тараптарға залалдың келтірілуіне немесе жүктің бүлінуіне өз бетінше және өз есебінен жауапты болады.
    • 4.3. Тараптар UniPark мобильді қосымшасының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда қолданылуына байланысты үшінші тұлғалардың әрекеттеріне жауапты болмайды.
    • 4.4. Ақпаратты тіркеу барысында Пайдаланушылар осындай ақпараттың дұрыстығы мен сенімділігі үшін Әкімші, басқа Пайдаланушылар, үшінші тұлғалар мен мемлекеттік органдар алдында жауапты болады.
    • 4.5. Пайдаланушыларды тіркеген кезде Әкімші олардың құқықтық қабілетін және әлеуетін бақылауды жүзеге асырмайды. Егер Әкімшіде Пайдаланушының Сервиске тіркелу шарттарын бұзғаны туралы пікірдің пайда болуына негіз болған жағдайда Әкімші Пайдаланушыны тіркеуді тоқтата тұруға немесе оның күшін жоюға құқылы және Сервистегі функцияларға қол жеткізуге рұқсат бермейді.
    • 4.6. Әкімші Пайдаланушының Тіркелу барысында берген ақпаратына, егер Пайдаланушы осындай ақпаратты үшінші тұлғаларға өзі берсе, жауапты болмайды.
    • 4.7. Пайдаланушылардың Сервисті пайдаланулары барысында төмендегілерді қамтитын материалдарды пайдалануға (орналастыруға) тыйым салынады:
    • 4.7.1. әдепсіз және былапыт сөздерді немесе сөз тіркестерін, порнографиялық суреттер мен мәтіндерді немесе жыныстық сипаттағы көріністер;
    • 4.7.2. зорлық-зомбылыққа және заңға қарсы әрекеттерді жасауға, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға шақырулар, қорқытулар;
    • 4.7.3. зорлық-зомбылық, қатыгездiк, нәсiлдiк, ұлтаралық және дінаралық қақтығыс элементтерi, сондай-ақ осындай материалдарға сілтемелер;
    • 4.7.4. нацистік атрибутика немесе символика;
    • 4.7.5. қылмыстық қызметті насихаттау, заңсыз әрекеттер жасау жөніндегі нұсқаулық;
    • 4.7.6. басқа Пайдаланушылардың немесе үшінші тұлғалардың намысын қорлайтын, ар-намысы мен қадір-қасиетін немесе іскерлік беделін бұзатын немесе өзге Пайдаланушылардың немесе үшінші тұлғалардың құпиялылығын бұзатын қауіптері бар материалдар;
    • 4.7.7. алкогольді және құрамында спирті бар сусындарды, сыра және оның негізінде жасалған сусындарды, есірткі және басқа тыйым салынған құралдарды сату туралы ақпарат, хабарландырулар;
    • 4.7.8. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын өзге де материалдар.
    • 4.8. Пайдаланушы салық саласының барлық заңдарын, оның ішінде Сервисті пайдалануына байланысты туындайтын салықтарды декларациялау және төлеу туралы заңдарды орындауға келіседі және қолданылатын барлық салықтарды декларациялауға және төлеуге жауап береді.
    • 4.9. Осы Оферта бойынша өз міндеттемелерін бұзған тарап бұзушылықтарды дереу түзетуі немесе салдарын жою жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Пайдаланушы Сервистің функционалдығын өз тәуекеліне пайдаланады. Әкімші ешқандай жауапкершілікке, оның ішінде сервистердің Пайдаланушының мақсаттарына сәйкес келмеуіне жауап бермейді.
    • 4.10. Осы келісімшарттардың талаптарын бұзғаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
    • 4.11. Осы келісімде қамтылмаған жағдайларда тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және іскерлік айналымдағы ережелерді басшылыққа алады.
Visa MasterCard

Оплата банковскими картами осуществляется через АО «АЛЬФА-БАНК». К оплате принимаются карты VISA, MasterCard
Услуга оплаты через интернет осуществляется в соответствии с Правилами международных платежных систем Visa, MasterCard на принципах соблюдения конфиденциальности и безопасности совершения платежа, для чего используются самые современные методы проверки, шифрования и передачи данных по закрытым каналам связи. Ввод данных банковской карты осуществляется на защищенной платежной странице АО «АЛЬФА-БАНК».

Правила предоставления услуг, оплаты и безопасность платежей, конфиденциальность информации и отказа от услуг.

Заполните форму

Заполните форму

Заполните форму

Заполните форму